Казахские пословицы про труд и трудолюбие

1 Ер дәулеті – еңбек. Богатство джигита – труд.
2 Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім. Без птиц озеро сирота, без людей земля сирота.
3 Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ. Без тяжелого легкого нет, без труда жизни нет.
4 Қойшыны таяғы асырайды,
Қасқырды аяғы асырайды. Волка ноги кормят, чабана – его палка.
5 Атан түйе жүк астында қартаяр. Верблюд под вьюком старится.
6 Түйір нан - тамшы тер. В кусочке хлеба – капля пота.
7 Жері байдың – елі бай . Где земля богата, там и народ богат.
8 Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді. Дело покоряется тому, кто его любит.
9 Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар. До пота поработаешь – с аппетитом поешь.
10 Малды тапқанға бақтыр,
Отынды алғанға жақтыр. Дрова давай разжигать тому, кто их нарубил;
скот давай пасти тому, кто его вырастил.
11 Еңбексіз тапқан мал,
Есепсіз кеткен мал. Что легко наживается, так же легко утрачивается.
12 Берген алар, еккен орар. Дающий получит, посеявший пожнет.
13 Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас. Джигиту нет счастья без труда,
народу – без единства.
14 Күн шыққан соң суарған суды
Күн жұтады.
Күн батқан соң суарған суды
Жер жұтады. Дневную воду солнце пьет, ночную – земля.
15 Бір тал кессең , он тал ек. Если одно дерево срубил,
посади десять взамен.
16 Мал семіз болса, төл егіз.
Жер семіз болса, дән егіз. Жирная овца ягнят по двое приносит, на плодородной земле травы сдвоенными колосками растут.
17 Еңбексіз өмір – сөнген көмір. Жизнь без труда – тлеющая зола.
18 Жер құтты болса,
Мал сүтті болады. За выпасами ухаживать – всегда молоку быть.
19 Азығымен жер мүсінді,
Еңбегімен ер мүсінді. Земля красна плодами, джигит – делами.
20 Қыста малыңды бақ,
Жазда шөбіңді шап. Зимой скот паси, летом сено коси.
21 Жаңбырмен жер көгерер,
Еңбекпен ел көгерер. От дождя земля цветет
от работы джигит мужает.
22 Ақ қар көп болса - ақ нан көп. Обилие белого снега – к обилию белого хлеба.
23 Қолы қимылдаған адамға
Кедейлік жоқ.
Аяғы қимылдаған адамға
Алыстық жоқ. Сильные руки бедности не боятся,
крепкие ноги дали не страшатся.
24 Диқан жерін анасындай сүйеді,
Жер диқанын баласындай сүйеді. Пахарь как мать свою землю любит,
земля как сына пахаря любит.
25 Жылай-жылай арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің. Плача будешь арык рыть,
смеясь будешь воду пить.
26 Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің. Пока есть силы, трудись,
на старости будет на что жить.
27 Еңбегіне қарай өнбегі. По труду и плоды.
28 Жер тоймай, ел тоймайды. Пока земля не насытится, народ не будет сыт.
29 Келген дәулет,
Кеткен бейнет. Приобретенный достаток – это затраченный труд.
30 Қой шелді болмай,
Төлді болмайды. Пока овца жир не нагуляет, ягнят не принесет.
31 Маңдайы терлемегеннің ,
Қазаны қайнамайды. Пока на лбу пот не выступит, в котле не забурлит.
32 Ерте тұрған әйелдің
Бір ісі артық,
Ерте тұрған еркектің
Ырысы артық. Рано встающая женщина на одно дело больше успевает, рано встающему джигиту – счастья больше.
33 Қолы қимылдағанның аузы қимылдар. Руки поработают – зубам будет работа.
34 Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң,алдыңнан түн шығады. Рано встанешь – солнце навстречу,
поздно встанешь – ночь навстречу.
35 Еге білсең, егін тасқа да бітеді. Сумеешь посеять – на камнях хлеб вырастает.
36 Етікшіні балға мен біз асырайды,
Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды. Сапожника кормят шило и молоток, землепашца – острый кетмень.
37 Бәйгеден ат келмейді, бап келеді. Байгу выигрывает не конь, а хороший уход за конем.
38 Тұлпар шаба жетіледі,
Сұңқар ұша жетіледі. Скакун от скачки к скачке прибавляет резвости, сокол от полета к полету – скорости.
39 Мал баққанға бітеді. Скот множится у того, кто умеет пасти.
40 Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады. Смысл труда разгадал – на казну напал.
41 Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды. Труд, вложенный в землю, в земле не залежится.
42 Жер – ана,
Ел – бала. Земля – мать, люди ее дети.
43 Ердің атын еңбек шығарады. Имя джигита трудом славится.
44 Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер, Труд ведет к подвигу, подвиг – к признанию.
45 Бақыт кілті еңбекте. Ключи счастья в труде.
46 Жерк өңді жақсы көреді,
Ат жемді жақсы көреді. Конь любит овес, земля - навоз.
47 Кім еңбек етсе - сол тоқ. Кто работает, тот и сыт.
48 Көп еңбегі көңілді. Коллективный труд - самый радостный труд.
49 Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді. Колодец роет один человек,
воду из него пьют тысячи.
50 Отырған жерден отын кескен. Куда ни приходит, везде рукам своим работу находит.
51 Сүйіп істеген іс шаршатпайды. От любимой работы усталости нет.
52 Жұмысы жемістінің - өмірі келісті. Когда работа спорится, все в жизни ладится.
53 Су патшасы – мұрап,
Түн патшасы – шырақ. Лампа – хозяин ночи, мираб – хозяин воды.
54 Егін піспей, қам сайла. Мешки под хлеб до жатвы готовь.
55 Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра. Не спрашивай джигита, сколько сил вложил, спрашивай, что сделал.
56 Байлықтың атасы - еңбек, анасы – жер. Отец богатства – труд, земля – мать.
57 Жақсы жұмыс - жанға тыныс. От хорошей работы на душе покой.
58 Қыстағы қар – жерге ырыс,
Жердегі ылғал – елге ырыс. Снег землю питает, а влажная земля урожаем награждает.
59 Еңбек – ширатады,
өмір үйретеді. Труд закаляет, жизнь учит.
60 Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді Труд поднимает дух работающему.
61 Есесіқайтқан еңбек – игі. Тот труд благо, который не напрасен.
62 Еңбек патшалықты асырайды. Труд целые царства кормит.
63 Еңбек шаһар түзетеді,
Еңбексіздік оны жүдетеді. Труд города украшает, безделье их опустошает.
64 Еңбек өмірді ажарлайды. Труд жизнь украшает.
65 Еңбек адамның екінші анасы Труд - вторая мать человеку.
66 Жалқаулық аздырады,
Еңбек оздырады. Труд прославляет, лень с пути сбивает.
67 Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кетірер. Труд к цели ведет, лень – к безделью.
68 Терең құдықтың суы тәтті. Чем глубже колодец, тем слаще вода из него.
69 Қой семізі қойшыдан. Упитанность овец – от трудолюбия чабана.
70 Кедейлік кетсін десең, еңбек ет,
Молшылық жетсін десең, еңбек ет. Хочешь избавиться от бедности – трудись, хочешь добиться богатства – трудись.
71 Жақсы бастама – істің жартысы. Хорошее начинание – половина дела.
72 Мал баққандікі,
Жер жыртқандікі. Хозяин скота тот, кто его пасет;
хозяин земли тот, кто ее пашет.
73 Қазанға не салсаң,
Шөмішіңе сол ілінер. Что в казан положишь, то и зачерпнешь из него.
74 Адал еңбек елге жеткізер,
Арам қулық елден кеткізер. Честный труд ведет к признанию, ложь и хитрость - к позору.
75 Тек жүргенше тегін істе. Чем без дела слоняться,
лучше даром трудиться.
76 Көз қорқақ, қол батыр. Глазам боязно, рукам страх неведом.
77 Бай мейірінен күн мейірі. Уповай не на милость богача,
а на милость солнца.
78 Мақтаның анасы – жер, атасы – су. Земля – мать хлопку, вода – отец ему.
79 Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады. Когда работа спорится, ягнята двойни приносят.
80 Қызметте туыстық болмайды. Работа не терпит скидок на родственные отношения.
81 Көктемде жерге түскен бір дән,
Күзді күні мың дән болады. Весной брошенное на землю одно зерно осенью превращается в тысячу зерен.
82 Жер байлықтың көзі,
Еңбеккер иесінің өзі. Земля - источник богатства,
труженик – хозяин ее.
83 Еңбек пен бақыт – егіз. Труд и счастье – близнецы.
84 Су - ырыстың көзі,
Еңбек кірістің көзі. Вода – счастья глазок,
Труд - богатства родничок.
85 Жайлауы жақсының әр бұтасының түбі бір кесек ет. На богатом джайляу под каждым кустом мяса кусок.
86 Қара жер қарыз арқаламайды. Земля не останется в долгу.
87 Ешкі егіз туып, қойданкөп болмас. Козы двойни приносят, а все овец числом не догонят.
88 Малды баға білмеген пайданы таба білмейді. Кто не умеет пасти скот,
тот не знает своей выгоды.
89 Қолыма жұмысбергкенің – жаныма тыныс бергенің. Рукам работу дать – душе покой дать.
90 Күндіз қойын күтерсің, кешке жүнін түтерсің. Днем овец паси, вечером шерсть пряди.
91 Тігіншіні инесі асырайды. Иголка – кормилица портного.
92 Ерінбей еңбек етсең – ерінің асқа тиеді,
Ерініп ілбіп кетсең – иегің тасқа тиеді. Поработаешь с охотой – губы хлеба коснутся,
поработаешь с ленцой – губы камня коснутся.
93 Қора оңды болса, қойың қоңды болар. Когда овчарни исправны – и овцы справны.
94 Ащы еңбектен тәтті нан. У трудной работы хлеб сладкий.
95 Тары болса, тауық табылады. Было бы пшено, а куры сами прибегут.
96 Сөз қуған бәлеге жолығар,
Шаруа қуған қазынаға жолығар. Кто сплетней живет6 тот беду наживет, кто работой живет, тот богатство наживет.
97 Жаман іс жоқ, жаман ісші бар. Плохой работы нет, есть плохой работник.
98 Екпіндінің үйі көрікті келеді. Уют в доме о трудолюбии хозяев говорит.
99 Еңбек етсең емерсің, ерінбесең жеңерсің. Работающий жует, настойчивый цели достигает.
100 Жеріне қарай астығы. Урожай – по плодородию земли.
101 Жерің отты болса, малың сүтті болады. Обилие молока – от обильного травостоя.
102 Малды іріктемесең, тұқымы азады,
Қонысты жаңартпасаң, өрісі азады. Когда нет племенной работы – племя вырождается,
Когда пастбище не меняют – пастбище истощается.
103 Малдың тамағына қара, малшының табағына қара. Корма для скота и настроение чабана – решают все дела.
104 Жер тойынбай, ел тойынбайды. Пока землю не насытишь, народ не накормишь.
105 Диқан бабаның кетпенінен,
Шопан атаның таяғынан. Без чабана и землепашца нет богатства.