Казахские пословицы про родство

1.Сыйласуға жат жақсы,
Жыласуға өз жақсы.
Веселиться хорошо с чужими,
горевать – со своими.
2.Ағайын бір өліде,
Бір тіріде керек.
С родней радостью поделишься – радости прибавится, горем поделишься – горе убавится.
3.Күйеу жүз жылдық,
Құда мың жылдық.
Зять - на сто лет родня,
сват – на тысячу лет родня.
4.Жаман ағайын бар болсаң көре алмайды,
Жоқ болсаң, бере алмайды. Никудышная родня успехам завидует, а в нужде помочь не может.
5.Жауда да бір үйің болсын.
И в стане врага пусть будет хоть один свой дом.
6.Ағайын тату болса ат көп
Абысын тату болса ас көп.
Братья в ладу – коней много,
невестки дружны – еды много.
7.Жаман да болса ағамыз,
Жақсыны қайдан табамыз.
Хоть и дурной, да брат родной.
Где же взять хорошего?
8.Мал қонысын іздейді,
Ер туысын іздейді.
Скотина ищет свой хлев, джигит – свою родню.
9.Жақыныңды жат етсең,
Жатқа күлкі боларсың.
Сторониться своих – стать посмешищем для чужих.
10.Әпкенің үйі – кең жайлау. Дом сестры – раздольное джайляу.
11.Қасқыр да жолдасына қас қылмайды.
И волк дружку своему зла не делает.
12.Бір көрген біліс
Екі көрген таныс.
Раз увиделись , во второй раз - подружились.
13.Жаман туыстан жат артық.
Добрый знакомый лучше плохой родни.
14.Үйдің жылы-суығын
Қыс түскенде білерсің,
Кімнің алыс-жақынын
Іс түскенде білерсің.
Холодный или теплый твой дом – зима проверит,
кто близок или далек – беда проверит.
15.Әулие де қасындағысын қолдайды.
И святой радеет о ближнем.
16.Ағайын бірде араз, бірде тату.
Родичи и ссорятся, и мирятся,
но никогда не расходятся.
17.Ағайының бай болса, асағаның май болар.
Если родня богатая, маслом будешь закусывать.
18.Туғаныңмен сыйыспасаң, кең дүниеге сыймассың.
Кто с родней в мире не живет,
в просторном мире места не найдет.
19.Бір ауылда мың туысың болғанша,
Әр ауылда бір туысың болсын.
Чем тысячу родственников живут в одном ауле,
лучше по одному родственнику - в каждом ауле.