Казахские пословицы про человека

1 Адам деген ардақты ат.
Человек – достойное человека имя.

2 Адамдықтан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен ас жоқ.
Самая святая пища – хлеб,
самое святое имя – человек.

3 Адамгершілікке арналған үш сауал бар:
Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
Три дела человеку делают честь:
колодец, вырытый в пустыне;
мост, проложенный через реку;
дерево, посаженное у дороги.

4 Еңбек – адамның көркі,
Адам заманның көркі.
Труд украшает человека, а человек – свое время.

5 Біреу, біреуге сүйеу.
Человек – опора человеку.

6 Адамды алдау –
Арыңның алдында қылмыс,
Ағаны алдау –
Анаңның алдында қылмыс.
Человека обмануть – преступление перед совестью, брата обмануть – преступление перед матерью.

7 Талабы жоқ жас –
Қанаты жоқ құс.
Человек без цели, что птица без крыльев.

8 Ормансыз жер – жалаңаш
Армансыз ер – жалаңаш.
Человек без мечты, что земля голая без леса.

9 Ат аяғынан семірер,
Адам құлағынан семірер.
Коня ноги кормят,
человек сыт от доброго слова.

10 Адам тастай берік,
Гүлдей нәзік.
Человек крепче камня и нежнее цветка.

11 Адам жүрген жермен адам жүреді,
Біреу білмегенді біреу біледі.
Человек идет по проложенной человеком дороге,
чего один не знает, узнает другой.

12 Адамның күні адаммен.
Человеку без человека жизни нет.

13 Адам бір-біріне қонақ.
В жизни человек человеку – гость.

14 Ат жақсысын мақта,
Адам жақсысын жақта.
Хорошего коня похвали,
хорошего человека поддержи.

15 Адам қайғысы – заман қайғысы
Заботы человека – заботы его времени.

16 Күйесіз қазан жоқ,
Қайғысыз адам жоқ
Нет котла без сажи, а человека – без думы.

17 Жасық адам жасына жетпей қартаяр,
Асыл адам жасына жетпей марқаяр.
Слабый человек раньше времени стареет,
сильный человек раньше времени мужает

18 Он адам жүрген жерде із қалады,
Жүз адам жүрген жерде – соқпақ,
Мың адам жүрген жерде жол қалады.
Десять человек оставляют следы на земле,
сто человек протаптывают тропу, тысяча человек протаптывают дорогу.

19 Кісіні кейде таршылық сынайды,
Кейде баршылық сынайды.
Достоинство человека когда нужда проверяет
а когда и достаток.

20 Әркімнің өзі шығар биігі бар.
У каждого человека есть своя высота.

21 Адамына қарай сәлемі.
В какой человек чести, таковы будут ему и почести.

22 Адамның сырты алдамшы.
Внешность человека бывает обманчива.

23 Адамға адам жат емес.
Человек не родился врагом человеку

24 Жұмсақ ағаш құртқа жем,
Жұмсақ адам жұртқа жем.
Мягкое дерево для червей добыча,
мягкий человек для всякого добыча.

25 Адам болып туған соң,
Адам болып өлу лазым.
Родившись человеком, надо и умереть человеком.

26 Жаңылмас жақ болмас,
Сүрінбес тұяқ болмас.
Скотине свойственно спотыкаться,
человеку – ошибаться.

27 Адам ұйымшыл,
Мал үйіршіл.
Скотину к стаду тянет, человека – к людям.

28 Бейтаныс кісі –
Бітеу жаңғақ.
Незнакомый человек, что орех в скорлупе

29 Қағазға тіл бітірген – қалам,
Жансызға жан бітірген – адам.
Перо заставило заговорить бумагу, человек оживил немую природу.

30 Адам қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас.
Нет озера без лягушек, человека – без ошибок.

31 Адам аласы ішінде,
Мал аласы сыртында.
Лошадь пестра снаружи, человек – изнутри.

32 Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ.
Дерево листья украшают, человека одежда.

33 Адам ойға тоймас,
Бөрі қойға тоймас
Волка не насытят овцы, человека думы

34 Дүниеде тас қатты,
Тастан да бас қатты.
Камень всего на свете крепче,
а голова и камня крепче.

35 Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
Совесть человека на лице,
а человечность в поступках

36 Темір сырын отта танытады,
Адам сырын жоқта танытады.
Железо испытывается на огне,
человек познается в беде.

37 Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
Не будь сыном только своего отца,
будь сыном человека.