Казахские пословицы про безделье и лень

1 Жалқаудың соры – байлығы.
Богатство лентяю лени прибавляет.
2 Аз жұмысты қиынсыңсаң,
Көп жұмысқатап боларсың.
Будешь выбирать легкую работу, трудная достанется.
3 Ер тынысы - еңбек,
Ез тынысы – ермек.
Для джигита работа – отдых, для лентяя гулянье – отдых.
4 Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды.
Дело, начатое без души, начатым и останется.
5 Жаманға жан жуымас,
Жалқауға мал жуымас.
Дурня люди сторонятся,
лодыря и скотина обходит.
6 Саудың асын ішіп,
Аурудың ісін істейді.
Ест как здоровый, работает как больной.
7 Жақсы мұраптың соңынан су ереді,
Жаман мұраптың соңынан шу ереді.
За хорошим мирабом идет следом вода,
за плохим – недовольная толпа.
8 Егінді жабайы шөп аздырар,
Ерді еріншектік аздырар.
Пашню сорняк портит, джигита – лень.
9 Ермек қуған бәлеге жолығады,
Еңбек қуған қазынаға жолығады.
Ищешь только развлечения – наживешь беду,
дело ищешь – найдешь казну.
10 Ешкі бастаған қой егінге түседі.
Козе доверенная отара посевы потравит.

11 Есектің жүгі жеңіл болса, жатаған болады.
Когда груз легкий, ишак часто ложится.
12 Еріншек түске дейін ұйықтайды, кешке дейін есінейді.
Лодырь спит до обеда, зевает до вечера.
13 Қойын алдырып, қорасын бекітіпті.
Лишившись овец, двор огородил.
14 Жалқауға күнде той.
Лодырю каждый день праздник.
15 Жалқауға от басы айшылық жер.
Ленивому расстояние до печи – месячный путь.
16 Жалқауға сөз, шабанға таяқ өтпейді.
Ленивого не проймешь словом, неповоротливого – палкой.
17 Бұқаның арамзасы бұзау арасында жүреді.
Ленивый бык вместе с телятами пасется.
18 Жалқаулық - жаман ауру. Лень - скверная болезнь.
19 Жалқау жатып ішер, отырып ұйықтар.
Лодырь лежа ест, сидя спит.
20 Істемеген тістемейді.
Не работающий не жует.
21 Біткен іске сыншы көп,
Піскен асқа жеуші көп.
На готовое дело ценителей много, на готовую пищу едоков много.
22 Тілде бар да, істе жоқ.
На словах все может, а как делать – ничего не может.
23 Ерінбесең еңбегің өнеді.
От лени избавишься, результаты труда прибавятся.
24 Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.
Не работал – на людей не обижайся, не сеял – на землю не сердись.
25 Орақшының жаманы орақ таңдайды.
Плохой косарь косу выбирает.
26 Еккенің тікен болса,
Орғаның балауса болмас.
Посеяв колючку травы не накосишь.
27 Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады,
Еріншек ұйқыдан қирап тұрады.
Работяга встает со сна бодрым, лодырь – разбитым.
28 Жалқаудың жауы жұмыс.
Работа – враг лодырю.
29 Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Сладок кусок, добытый трудом, а лентяю сладок его покой.
30 Еңбекшіге әр күн сәт,
Еңбексізге бір күн сәт.
Трудолюбивого ждет удача каждый день, бездельника – раз в году.
31 Жүріп шаршаған, тұрып тынығады,
Тұрып шаршаған, отырып тынығады.
Отырып шаршаған қалай тынығады?
Уставший ходить, стоя отдохнет;
уставший стоять, сидя отдохнет;
а уставший сидеть – как отдохнет?
32 Еріншекке бүгіннен ертең оңай.
Лодырю всякая работа легка,
если отложить ее на завтра.
33 Еріншекке жоқ сылтау.
Лентяй всегда оправдает свою лень.
34 Жақсы қойшының төлі түлеп туады,
Жаман қойшының төлі жүдеп туады.
У хорошего чабана ягнята резвыми родятся, у плохого – полумертвыми.
35 Бағайын десе малы,
Ауырайын десе ауруы жоқ.
Хотел бы пасти, да скота нет;
хотел бы постонать, да болезни нет.
36 Еріншектің ісі – екі.
Лень из одной работы две делает.
37 Аттың жемін жеп,
Тайдың ойынын ойнау. Ест, как конь, резвится, как жеребенок.
38 Балық аулай алмаған, суды лайлар.
Горе-рыбак только воду мутит.
39 Ит итті жұмсайды,
Ит құйрығын жұмсайды.
Собака собаку посылает, а та к другой отсылает.
40 Уақытыңның босқа өткені -өміріңнің бос кеткені.
Время впустую проводить – жизнь никчемную прожить.
41 Диқан нанын жейді,
Жалқау арын жейді.
Похарь свой хлеб поедает, лодырь совесть свою проедает.
42 Ақымақ күлкіге тоймайды,
Жалқау ұйқыға тоймайды.
Дурень смеется беспрерывно, а лодырь спит беспросыпно.
43 Еңбексіз елге сыймас.
Неработающему среди людей тесно.
44 Істеу қиын, сынау оңай.
Советовать всегда легче, чем самому делать.
45 Еріншек егіншіден елгезек масақшы озыпты.
Ленивого хлебопашца старательный собиратель колосков обошел.
46 Шегені қаға білмесең – қолыңды ұрасың,
Түймені таға білмесең – қолыңа ине тығасың.
Если не умеешь гвоздь забить – по руке ударишь, если пуговицу не умеешь пришить – палец проткнешь.
47 Ханның қызы шөміш ұстаса, қолың күс басады.
Если ханская дочь половник в руки возьмет – мозоли себе натрет.
48 Жаман болатын жігіт шегіншек келер.
Джигит, от которого проку не будет, решительностью не обладает.
49 Жан аяр жау жеңе алмас,
Еріншек егін ала алмас.
Трусу врага не одолеть.
лентяю урожай не собрать.
50 Айран ұйытса, іріткен.
Тері илесе, шіріткен.
Взялся простоквашу ставить – молоко прокисло.
Взялся кожу дубить – шкуру сгноил.